Пресс-служба

Жыл Мұғалімі 2005 байқауының қорытындысы жарияланды


Опубликовано: 1 қазан 2005 ж.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі Жыл Мұғалімі 2005 байқауының қорытындысын жариялады. ҚР Білім және ғылым Министрлігімен бірлесіп іске асырылатын «Білім берудегі серіктестік» бағдарламасы шеңберінде Microsoft Қазақстан компаниясы аталған байқауға демеушілік көрсеткен. Microsoft компаниясының сертификаттанған серіктесі LogyCom бірінші орын үшін жүлдені ұсынды — ол компанияның өзі құрастырған LogyCom Discovery ноутбугі. Ол портативті құралдардың қазіргі талаптарына сәйкес және деректерді берудің өткізгішсіз желілерге қол жетерліктің әлемдік стандарттарына сай келеді.


Байқаудың мақсаты шығармашыл, жоғары интеллектуалды даму деңгейімен талантты оқытушы, рухани-адамгершілігі, ғылыми-әдістемелік және ақпаратық мәдениетіне иелі, жан жақты дамыған тұлғаны айқындау.

Жыл Мұғалімі байқауының мақсаттары:

Мұғалім маманының мәртебесін көтеру;

Мұғалімдердің белсеңділігін, дербестігін және шығармашылығын ынталандыру;

Бірге шығармашылық ету және ынтымақтастық атмосферасын құру нәтижесіне бағытталған тиімді білім беру, тәрбиелеу және дамыту технологиялар мен әдістемелерін іздеу;

Жағымды тәжірибені тарату.

Байқау қатысушылары, облыстық қалалары және Алматы және Астананың жеңімпаз — мектеп мұғалімдері қазылар алқасына сабақ, сабақтан тыс шара, мастер — класстардан тұратын бейне ролигі мен мұғалімнің күнделікті мектептегі жұмысы, ата-аналар қоғамындағы және т.б. элементтері бейнеленген «Мұғалімдік калейдоскоп» атты бейне ролигі түрінде жасалған байқау жұмыстарын ұсыну керек еді.

Тәуелсіз сарапшылар мен ҚР Білім және ғылым Министрлігінің өкілдерінен құрылған қазылар алқасы алдын ала шығарылған қағидалары, яғни пән бойынша сабақ, сабақтан тыс шара және шығармашылық жұмысын бағалаудан басқа, ғылыми-әдістемелік және ғылыми-зерттеу тақырыбының болуына; білім берудің жаңа технологиялық және ақпараттық технологияларын пайдалану; педагогикалық қызмет нәтижелілігінің мониторингі; тілдерді білу; біліктілік пен кәсіби өсімін жоғарылату; халықаралық семинарларда қатысу және компьютерде жұмыс істеу бапшылдығына ерекше назар аударды.

Қазылар алқасының шешіміне сәйкес жеңімпаз орындары келесі түрде берілген:

Бірінші орын — С. Имажанов, Астана қаласының №1 мектеп-гимназиясының экономика мұғалімі. Имажанов мырза АҚШ-да 2006 жылдың жаз мезгілінде өткізілетін инновациялық мұғалімдердің Бүкіләлемдік Форумына қатысады. Сонымен қатар, ол LogyCom компаниясының ноутбугін иеленді.

Екінші орын — А.Турғаналиева, Маңғыстау облысының Бенеус аудандық лицейінің биология мұғалімі және А. Өмірбек, Алматы қ. № 3147 лицейінің тарих мұғалімі.

Үшінші орын — А.Кинцель, Степногорск қалалық мектебінің биология мұғалімі, Н. Жумикеева, Атырау облысының №4 интернат мектебінің мұғалімі және Р. Бигазиева, Орал қаласының №41 мектебінің мұғалімі.

Сонымен қатар басқа номинациялар орнатылған, олардан келесі мұғалімдер жеңімпаз атанды:

Жаңалық табушы мұғалім — Л. Понкратова, Қостанай қаласының орыс тілі және әдебиет мұғалімі;

Әдістемеші мұғалім — Н. Толықбаева, Алматы облысы Қарасай ауданының қазақ тіл мұғалімі;

Тәжірибеші мұғалім — С. Айтқазина, Павлодар қаласының ерекше дарынды балаларға арналған №8 мектеп — лицеінің мұғалімі.

Байқаудың барлық 16 жеңімпазы Қазақстан және Орталық Азиядағы Microsoft компаниясының бағалы жүлделерімен марапатталды.

«Білім беруде Әріптестік» Бағдарламасы әлемнің 98 мемлекетінде әрекет етеді. Өткен жылдың желтоқсан айында бұл тізімге Қазақстан да қосылды. ҚР Білім және ғылым Министрлігімен бірге қол қойылған Ынтымақтастық туралы Келісімге сәйкес білім беру мекемелерінде қазіргі ақпараттық технологияларын пайдалануын кеңейту жөніндегі бастамасы Қазақстан аймағында 5 жыл аралығында жұмыс істеп тұр.

Бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасының мыңдаған мұғалімдері кәсіби біліктілік деңгейін көтереді. Microsoft Қазақстан компаниясы барлық орта мектептерді мектептегі оқу процесін жетілдіруге бағытталған оқу-әдістемелік құралдармен қамтамассыз етуді жоспарлайды. Бардарламаның қатысушыларына оқу процесінің өзін және оны басқаруды интенсификациялауға және жетілдіруге бағытталған бағдарламалық өнімдер ұсынылады.

ҚР Білім және ғылым Министрлігінің ойынша: «„Білім беруде Әріптестік“ Бағдарламасына қатысу білім беру жүйесін жетілдіру үшін ақиқатты мүмкіндік болып табылады. Бағдарлама білім беру процессінің тиімділігін арттыруға айтарлықтай үлес қосумен бірге, түрлі білім беру мекемелері мен мемлекеттер мұғалімдері арасында байланысу үшін кедергілерді қысқартады».

Microsoft туралы мәлімет

1975 жылы негізі қаланған Microsoft корпорациясы персоналды компьютерлер мен серверлер үшін Интернет-технологияларды жеткізу және жетілдіру қызметі, бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша әлемдік көшбасшы болып табылады. Компания заманауи бағдарламалық қамтамасыз етуді кез келген уақытта, кез келген жерде және кез келген қондырғыда пайдалану арқылы адамдардың немесе компаниялардың мүмкіндігін арттыруға бағытталған бағдарламалық өнімдердің ауқымды түрлерін ұсынады.

2002 жылдың соңынан бері Алматы қаласында Microsoft-тың кеңсесі жұмысқа кірісті. Оның негізгі міндеттері — Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан аумағында бағдарламалық қамтамасыз ету нарығын дамытып, жаңа технологияларды қолданысқа енгізу және бейімдеу.

Microsoft компаниясы мен өнімдері жөніндегі қосымша ақпараттарды Microsoft веб-серверінен алуыңызға болады: www.microsoft.com/kazakhstan

Байланысу үшін ақпарат:

  • Тел.: +7 (727) 258-55-95
  • Факс: +7 (727) 258-55-59
  • Ақпарат орталығы және техқолдау: +7 (727) 298-01-26 (Алматы үшін), 8 800 080-10-00 (Жалпы Қазақстан үшін)
  • өнімдерді активтеу: +7 (727) 298-01-27 (Алматы үшін), 8 800 080-10-01 (Жалпы Қазақстан үшін)

Баспасөз үшін E-mail

Елена Арышева, бұқарамен байланыс жөніндегі менеджер.