*
Microsoft*
Results by Bing

Қазақстан Республикасының инновациялық мұғалімдеріне арналған Microsoft мектебі


Опубликовано: 6 тамыз 2010 ж.

Microsoft баспасөз мәлімдемесі

Қазақстан Республикасының инновациялық мұғалімдеріне арналған Microsoft мектебі


2010 жылдың 2-8 тамыз күндері Алматы қаласында ҚР инновациялық мұғалімдеріне арналған жыл сайынғы 6-шы Microsoft жазғы мектебі өтуде. Аталмыш шараны Біліктілікті арттыру институты және Алматы қалалық білім жүйесіне кадрларды дайындау бөлімі ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп Microsoft Kazakhstan компаниясының қолдауымен дүниежүзілік «Білімдегі серіктестік» бастамасы аясында өткізіп отыр.

«
Microsoft Жазғы мектебі алтыншы рет өткізіліп отырғаны және педагог қауымдастығы арасында дәстүрлі іс-шараға айналғаны, менің пікірімше, аталған мектептің қажеттілігін меңзейді әрі өз дағдыларын дамытуға ниетті, жаңа білімдерді игеруге құштар, қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мүмкіндігін қолдана отырып, елден ерекше қызмет етуге және ойлауға ұмтылатын қазақстандық мұғалімдер үшін үлкен мәнге ие екендігін айғақтайды. Осындай іс-шаралардың көмегімен елде сапалы білім беру жүйесін қалыптастыруға ықпал ету мүмкіндігіне ие боламыз деп сенемін
»

- деп атап өтті Майкрософт Қазақстан бас директоры Гюнтер Дам.

Мектеп жұмысына білім беру үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланатын қазақстандық мектептер мен колледж ұстаздары қатысуда. Қазақстанның әр тарапынан жиналған 40 оқытушы бес күнге созылатын білім беру бағдарламасынан өтіп, Microsoft компаниясының сертификаттарына ие болмақ. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі. Мектеп жұмысы барысында педагогикалық топты құру, жобалық-бағдарлаушы оқыту, Movie Maker, Publisher, Picture Manager, Deep Zoom, Auto Collage секілді сандық және бейне кескіндерімен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін Microsoft-тің қосымшалары мен кеңсе бағдарламаларының көмекші мүмкіндіктері бойынша тренингтер өткізіледі. Мектеп жұмысына қатысушылар, сондай-ақ, интерактивті сандық оқыту контентін өз бетінше жасап шығаруға мүмкіндік беретін LCDS қосымшасымен жұмыс жасауды да үйренеді. Сонымен қатар, іс-шара шеңберінде байқаулар және шығармашылық жобаларды қорғау ұйымдастырылады.

Мектептің салтанатты ашылуында Алматы қаласы БАИ ҚБЖКД директоры С.К. Исмағұлова, Microsoft Қазақстан білім беру секторымен жұмыс жасау жөнінде жетекші Ж.Б. Рахимжанова сөз алды.

«
Microsoft жазғы мектебі – оқыту дағдыларын жетілдіру жолындағы маңызды қадам. Мектеп шеңберінде біздің оқытушылар қазіргі заманғы IT-өнімдерімен танысып қана қоймай, сондай-ақ, түрлі шығармашылық жобалар мен байқауларға қатыса отырып, тәжірибе жүзінде оларды меңгеру мүмкіндігіне ие болады. Microsoft компаниясы секілді коммерциялық құрылым білім беру саласына үлкен мән беріп, осындай іс-шараларға бастама болып, үнемі өткізіп тұратындығына біз қуаныштымыз
»

- деп атап өтті Алматы қаласы БАИ ҚБЖКД директоры, д.п.ғ. Светлана Исмағұлова.

Мектептің мақсаты:


  • білім беру үрдісіндегі қазіргі заманғы педагогикалық және ақпараттық технологияларды қолдану саласында мұғалімдердің біліктілігін арттыру;

  • Қазақстан Республикасының мұғалімдері арасында АКТ-ны қолдана отырып ең үздік әзірлемлермен алмасу және жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісу;

  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және Интернет ресурстарын қолдана отырып, түрлі оқыту пәндерін ықпалдастыру;

  • инновациялық мұғалімдердің ғылыми-шығармашылық әлеуетін қалыптастыру және оны бірыңғай білім беру кеңістігіне топтастыру.

  • Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Білім беру министрлігі және Microsoft компаниясы арасында 2004 жылы қабылданған «Білім беру жүйесінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды дамыту саласындағы әріптестік жөнінде келісім» шеңберінде өткізіліп отыр. Аталған келісімді жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында білім беру мекемелерінің ақпараттандыру деңгейін арттыру жөнінде іс-шараларды өткізу, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдана отырып педагогтар мен оқушылардың шығармашылық әлеуетін барынша жүзеге асыруға көмек көрсету жоспарланып отыр.

    Microsoft туралы ақпарат

    1975 жылы негізі қаланған Microsoft корпорациясы бағдарламалық қамсыздандыру, дебрес компьютерлер мен серверлер үшін Интернет-технологияларды әзірлеу бойынша жетекші компания болып табылады. Компания кез-келген уақытта, кез-келген жерде және кез-келген құрылғыда заманауи бағдарламаларды қолдану арқылы адамның мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған іскери және жеке қолданыстың кең ауқымды бағдарламалық өнімдерін ұсынады.

    2002 жылдың соңынан бастап Microsoft кеңсесі Алматыда қызмет ете бастады, оның міндетіне Қазақстан аймағындағы бағдарламалық қамсыздандыру нарығын дамыту және ең жаңа технологияларды енгізу және жергіліктендіру кіреді.

    Microsoft компаниясы мен оның өнімдері жөніндегі ақпаратты компания веб-сайтынан таба аласыздар:

    «Microsoft», «Windows» және «Vista» АҚШ-та және/немесе өзге елдерде Microsoft Corporation компаниясының қорғалған тауар белгілері болып табылады. Осы құжатта аталған өзге өнімдер мен компаниялардың атауы тиісті иегерлердің тауар белгілері болуы мүмкін.

    Байланыс ақпарат:

    • Тел.: +7 (727) 258-55-95
    • Факс: +7 (727) 258-55-59
    • Ақпараттық орталық және өнімдерді техникалық қолдау : +7 (727) 298-01-26 (Алматы үшін), 8 800 080-1000 (бүкіл Қазақстан үшін)
    • өнімдерді белсендендіру : +7 (727) 298-01-27 (Алматы үшін), 8 800 080-10-01 (бүкіл Қазақстан үшін)

    2005 жылдың маусымнан бастап Microsoft Windows XP пен Microsoft Office 2003-тің қазақша нұсқалары қолжетімді болып табылады www.microsoft.com/downloads/search.aspx?displaylang=kk

    Баспасөзге арналған е-mail

    yeleary@microsoft.com

    Елена Арышева - Microsoft Қазақстан компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері