Office

Office 2003 қазақ тіліндегі нұсқасы

Тілді өзгерту:
Microsoft Office 2003 қазақ тіліндегі нұсқасы көптеген Microsoft Office 2003 бағдарламалары үшін қазақ тіліндегі нұсқасы пайдаланушы тілдесуімен қамтамасыз етеді.
  • Мәліметтер

    Болжам:
    Басылу датасы:

    All

    20-мау-05

    Файл аты:
    Файл көлемі:

    LIP.EXE

    7.2 MB

      Office 2003 шығарылымының қазақ тіліндегі нұсқасы келесі Office 2003 бағдарламалары үшін аударылған пайдаланушы тілдесуімен қамтамасыз етеді:

      • Microsoft Office Word 2003

      • Microsoft Office Outlook® 2003

      • Microsoft Office PowerPoint® 2003

      • Microsoft Office Excel 2003
  • Жүйелік талаптар

    Қолдаушы операциялық жүйе:

    Windows XP Service Pack 2

      • Бағдарламалық жасақтамаға қажет:Office 2003 кез келген шығарылымының орыс тіліндегі нұсқасы — мысалы, Microsoft Office 2003 кәсіптік шығарылымы немесе Microsoft Office 2003 стандартты шығарылымы — немесе Office 2003 қазақ тіліндегі нұсқасын қолдайтын жеке Office 2003 бағдарламасының орыс тілді нұсқасы — Excel 2003, Outlook 2003, PowerPoint 2003 немесе Word 2003.

        Office 2003 қазақ тіліндегі нұсқасы орыс тіліндегі нұсқасының кез-келген Microsoft Office 2003 көп тілді пайдаланушы тілдесуімен орнатыла алады.

      • Office 2003 SP3: Office 2003 SP3 нұсқасын мына жерден қотарып алуға болады http://www.microsoft.com/downloads/details.aspx?FamilyId=27F0C05C-4466-4114-BD5C-E7B782D6198A&displaylang=kk

      • Дискідегі қажетті орын: Ағымдық орнатылған Office 2003 бағдарламалары пайдаланатын тұрғылықты дискі кеңістігіне қоса, тұрғылықты дискі кеңістігінің қатынаулы 10 мегабайты (Мбайт) қажет.
  • Нұсқаулар

      Берілген қотаруды орнату үшін:
      1. Қотару батырмасын нұқып және файлды тұрғылықты дискіде сақтап, LIP.exe файлын қотарыңыз.
      2. Орнату бағдарламасын жегу үшін, тұрғылықты дискідегі LIP.exe бағдарламалық файлды екі рет нұқыңыз.
      3. Орнатуды аяқтау үшін, бейнебеттегі нұсқауларды орындаңыз.

      Қолдану үшін нұсқаулар:

      Пайдаланушы тілдесуін Office 2003 шығарылымының қазақ тіліндегі нұсқасына ажырата қосу үшін, келесі әрекеттерді орындаңыз:

      1. Бастау мәзірінде Барлық бағдарламалар әмірін, содан кейін Microsoft Office әмірін Microsoft Office құралдарын таңдаңыз да, Microsoft Office 2003 тіл параметрлерін нұқыңыз.
      2. Пайдаланушы тілдесуі және анықтама қойындысында Office 2003 тізімін бейнелеу үшін, бейнелеуге қажетті тілді таңдаңыз.
      3. Жарайды нұқыңыз.


      Сіз таңдаған тіл параметрлері Office бағдарламаларын келесі жегу кезінде күшіне енетін болады.


      Берілген қотаруды жою үшін:
      1. Барлық бағдарламаларды жабыңыз.
      2. Бастау мәзірінде Баптау әмірін таңдаңыз, содан кейін Басқару үстелін нұқыңыз.
      3. Бағдарламаларды үстеу/жоюды екі рет нұқыңыз.
      4. Ағымдық орнатылған бағдарламалар тізімінде Microsoft Office 2003 шығарылымының қазақ тіліндегі нұсқасын нұқыңыз, содан кейін Жою немесе Үстеу/жою нұқыңыз. Егер тілқатысу терезесі пайда болса, бағдарламаны жою үшін нұсқауларды орындаңыз.
      5. Иә немесе Жарайды нұқып, бағдарламаны жойғыңыз келетіндігін құптаңыз.
  • Байланысты қорлар

Белгілі жүктеулі файлдар

Тегін компьютер жаңартулары

  • Қауіпсіздік түзетулері
  • Бағдарламалық жасақтама жаңартулары
  • Жаңарту бумалары
  • Аппараттық құрал драйверлері
Microsoft Update веб-торабын іске қосу
жабу
moreinfo