Microsoft Office қалқыма сөзкөмек тілі
Қалқыма сөзкөмек аудармаларын түймешіктер, мәзірлер және тілқатысу терезелері сияқты бейнеленетін элементтерді басқа тілде көрсету үшін пайдаланыңыз.
Маңызды! Төменде тілді таңдасаңыз, беттің бүкіл мазмұны сол тілге динамикалық түрде өзгереді.
Нұсқа:
1.0
Жарияланған күні:
26.07.2019
Файл атауы:
screentiplanguage_kk-kz_64bit.exe
screentiplanguage_kk-kz_32bit.exe
Файл өлшемі:
1.6 MB
1.6 MB
Түймешіктер, мәзірлер және тілқатысу терезелері сияқты бейнеленетін элементтердің басқа тілге аудармаларын көрсету және пайдаланушыларға олар түсінбейтін тілде орнатылған Microsoft Office бағдарламаларын шарлауға көмектесу үшін қалқыма сөзкөмек тілін өзгертіңіз.
Кейбір пайдалану сценарийлері мынадай:- Екі немесе көп тілді көмек
- Анықтама инженерлері өздері түсінбейтін тілдерге қолдауды кеңейте алады
- Office жүйесін шет тілінде уақытша немесе қысқа уақыт кезеңінде пайдаланатын пайдаланушылар (роуминг пайдаланушылары)
- Ортақ компьютер тілін пайдалану
Қолдау көрсетілетін операциялық жүйелер
Windows 7, Windows 8 Release Preview
- Қолдау көрсетілетін Microsoft Office бағдарламалары:
- Microsoft Office Word 2013, Microsoft Office Excel 2013, Microsoft Office Outlook 2013, Microsoft Office PowerPoint 2013, Microsoft Office OneNote 2013, Microsoft Office Visio 2013, Microsoft Office Publisher 2013
- Бағдарламалық жасақтама талаптары:
- Шығыс Азия және күрделі таңба тілдері қолдау файлын орнатуды қажет етеді. Бұл Басқару тақтасы арқылы «Тіл мен аймақтық стандарттар» ішінде жасалады.
- Бұл қотаруды орнату үшін:
- Бастау үшін осы беттегі Қотару түймешігін басыңыз.
- Төмендегі әрекеттердің біреуін орындаңыз:
- Орнатуды бірден бастау үшін Іске қосу түймешігін басыңыз.
- Қотаруды кейінірек орнату мақсатымен компьютерге сақтау үшін Сақтау түймешігін басыңыз.
- Орнатудан бас тарту үшін Болдырмау түймешігін басыңыз.
Қалқыма сөзкөмек тілін өшіру немесе өзгерту үшін:- Office File түймешігін басып, Параметрлер, Тіл тармағына өтіп, қалқыма сөзкөмек тілін «Бейнеленетін тілге сәйкес» деп орнатыңыз.
Бұл қотаруды жою үшін:- Бастау мәзірінде Басқару тақтасы параметрін таңдаңыз.
- Бағдарламалар қосу/жою түймешігін екі рет басыңыз.
- Жаңадан орнатылған бағдарламалар тізімінен Microsoft Office қалқыма сөзкөмек тілі дегенді таңдап, Жою немесе Қосу/Жою түймешігін басыңыз. Егер қандай да бір тілқатысу терезесі шықса, бағдарламаны жою үшін нұсқауларды орындаңыз.
- Бағдарламаны жойғыңыз келетінін растау үшін, Иә немесе OK параметрін таңдаңыз.