SharePoint Server 2010, Project Server 2010, Search Server 2010 және Office Web Apps 2010 нұсқаларына арналған Server 2010 тіл бумалары
Тіл бумалары SharePoint Server 2010, Project Server 2010, Search Server 2010 және Office Web Apps 2010 нұсқаларын бөлек орнатуды қажет етпей, тораптар мен торап жиындарын бірнеше тілде жасауға мүмкіндік береді.
Маңызды! Төменде тілді таңдасаңыз, беттің бүкіл мазмұны сол тілге динамикалық түрде өзгереді.
Нұсқа:
SP2
Жарияланған күні:
20.12.2019
Файл атауы:
ServerLanguagePack_SP2_kk-kz.exe
Файл өлшемі:
210.8 MB
Тіл бумалары SharePoint Server 2010, Project Server 2010, Search Server 2010 және Office Web Apps 2010 нұсқаларын бөлек орнатуды қажет етпей, тораптар мен торап жиындарын бірнеше тілде жасауға мүмкіндік береді. Бірнеше тілдегі бумаларды бір серверге орнатуға болады. Тіл бумасын қолдану орнатылған Microsoft сервері өнімінің тілін немесе басқару мүмкіндіктерінің тілін өзгертпейді.
Ескерімдер- Орнатылған тілге арналған тіл бумасын қотарудың қажеті жоқ, бұл тіл бумалары қосымша тілдердің жасалуын қолдауға тиісті.
Қолдау көрсетілетін операциялық жүйелер
Windows Server 2008 R2, Windows Server 2008 Service Pack 2, Windows Server 2012
-
Бұл қотару төмендегі бағдарламалармен жұмыс істейді:
- Microsoft SharePoint Server 2010
- Microsoft Project Server 2010
- Microsoft SharePoint Search Server 2010
- Microsoft SharePoint Search Server Express 2010
- Microsoft Office Web Apps 2010
-
Бұл қотару төмендегі бағдарламалармен жұмыс істейді:
- Бұл қотаруды орнату үшін:
Тіл бумасын орнатыңыз:- Қотару түймешігін (жоғарыдағы) басып, файлды қатты дискіге сақтау арқылы файлды қотарыңыз.
- Орнату бағдарламасын іске қосыңыз.
- «Microsoft бағдарламасының лицензиялық шарттарын оқу» бетінен шарттарды қарап, Мен бұл келісімнің шарттарын қабылдаймын көзіне құсбелгі қойыңыз, одан кейін Жалғастыру параметрін таңдаңыз.
- Орнату шебері іске қосылып, тіл бумасын орнатады.
- Әдепкі параметрлерді пайдаланып SharePoint өнімдері мен технологияларын теңшеу шеберін қайта іске қосыңыз.
SharePoint өнімдері мен технологияларын теңшеу шеберін қайта іске қосыңыз:- Бастау түймешігін басып, Барлық бағдарламалар параметрін, Microsoft SharePoint 2010 өнімдері параметрін меңзермен көрсетіңіз, одан кейін SharePoint өнімдері мен технологияларын теңшеу шебері параметрін таңдаңыз.
- «SharePoint өнімдері мен технологияларына қош келдіңіз» бетінен Келесі параметрін таңдаңыз.
- Кейбір қызметтердің теңшелім кезінде қайта басталу керектігін ескертетін тілқатысу терезесінен Иә параметрін таңдаңыз.
- «Сервер фермасының параметрлерін өзгерту» бетінен Бұл сервер фермасынан ажыратпаңыз, одан кейін Келесі параметрін таңдаңыз.
- Егер «SharePoint орталық әкімшілік параметрлерін өзгерту веб-әкімшілік параметрлер» беті пайда болса, әдепкі параметрлердің ешқайсысын өзгертпей, Келесі параметрін таңдаңыз.
- «SharePoint өнімдері мен технологияларын теңшеу шеберін аяқтау» бетінен Келесі параметрін таңдаңыз.
- «Сәтті теңшелім» бетінен Дайын параметрін таңдаңыз.
Пайдалану туралы ақпарат алу үшін SharePointServer 2010 тіл бумаларын қолдану торабына кіріңіз.
Бұл қотаруды жою үшін:- Бастау мәзірінен Параметрлер тармағын көрсетіп, Басқару тақтасы параметрін таңдаңыз.
- Бағдарламалар қосу/жою түймешігін екі рет басыңыз.
- Қазір орнатылған бағдарламалардың тізімінен Server 2010 және Office Web Apps 2010 тіл бумасы – [Тіл] тармағын таңдап, Жою немесе Қосу/Жою түймешігін басыңыз. Егер қандай да бір тілқатысу терезесі шықса, бағдарламаны жою үшін нұсқауларды орындаңыз.
- Бағдарламаны жойғыңыз келетінін растау үшін Иә немесе OK параметрін таңдаңыз.