Microsoft SharePoint® үшін Microsoft® SQL Server® 2014 қондырмасы
Microsoft SharePoint технологияларына арналған SQL Server 2014 Reporting Services қондырмасы Reporting Services мүмкіндіктерін бірлесіп жұмыс істейтін SharePoint тәжірибесімен біріктіруге мүмкіндік береді.
Маңызды! Төменде тілді таңдасаңыз, беттің бүкіл мазмұны сол тілге динамикалық түрде өзгереді.
Нұсқа:
12.0.2000.8
Жарияланған күні:
26.07.2019
Файл атауы:
readme_rsaddin.htm
rsSharePoint.msi
Файл өлшемі:
23.6 KB
54.9 MB
Microsoft SharePoint технологияларына арналған SQL Server 2014 Reporting Services қондырмасы Reporting Services пайдаланушылық интерфейсінің беттерін және мүмкіндіктерін SharePoint веб-тілдесу серверінде қолданады.
- Reporting Services қондырмасының SQL Server 2014 нұсқасы SharePoint 2010 және SharePoint 2013 бағдарламаларын қолдайды.
- Reporting Services қосылған режимінің мүмкіндіктерін 2014 қондырмасымен бірге пайдалану үшін есеп серверінің нұсқасы да 2014 болуы керек.
- Қолдау көрсетілетін нұсқалар туралы қосымша ақпарат алу үшін «SharePoint және Reporting Services құрамдастарының қолдау көрсетілетін тіркесімдері» бетін қараңыз.
- Жергілікті режим және қосылған режим туралы қосымша ақпарат алу үшін «SQL есеп қызметтерімен бірге Access қызметтерін пайдалану» бетін қараңыз.
Reporting Services қондырмасын орнату және серверлерді біріктіру үшін теңшеуден кейін Reporting Services мазмұнын SharePoint кітапханасына жариялап, содан кейін бұл құжаттарды тікелей SharePoint сайтынан көруге және басқаруға болады. Reporting Services қондырмасы келесі функцияларды қамтамасыз етеді:
- Power View, Microsoft SharePoint Server 2010 Enterprise Edition бағдарламасына арналған Microsoft SQL Server 2014 Reporting Services қондырмасының мүмкіндігі — интерактивтік деректерді зерттеу, көрнекілендіру және көрсету тәжірибесі. Ол сарапшылар, іскери шешімдерді жасаушылар және ақпараттық сала қызметкерлері сияқты іскери пайдаланушыларға сүйреп апарып тастау арнайы есептерін қамтамасыз етеді. Power View есептері RDLX деген жаңа файл пішімінде болады.
- Есептерді SharePoint кітапханасынан есеп құрастырғышпен ашыңыз және есептерді SharePoint кітапханаларына сақтаңыз.
- Есепті көру мүмкіндігін, бірнеше бейнелеу пішіміне экспорттауды, бетті шарлауды, іздеуді, басып шығаруды және масштабтауды қамтамасыз ететін Report Viewer веб-бөлігі.
- SharePoint веб-беттерімен жазылымдарды және кестелерді жасауға, әрі есептерді және деректер көздерін басқаруға болады.
- Стандартты SharePoint Foundation және SharePoint Server мүмкіндіктерін, соның ішніде, құжаттарды басқаруды, бірлесіп жұмыс істеуді, қауіпсіздікті және есеп серверінің мазмұн түрлерімен қолдануды қолдау.
- Reporting Services Report Viewer веб-бөлігін SharePoint сайтындағы кез келген бетке немесе бақылау тақтасына қосу және оның сыртқы түрін теңшеу мүмкіндігі.
- Есеп серверінің мазмұнына қатынасты басқару үшін SharePoint рұқсат деңгейлерін және рөлдерін пайдалану мүмкіндігі. Сондай-ақ, интернет қосылымдары арқылы қатынасуды қолдау үшін SharePoint пішіндерінің аутентификациясын пайдалана аласыз.
- Reporting Services деректер туралы ескертулері — SharePoint Server Enterprise Edition бағдарламасына арналған сізге қызық есеп деректеріндегі өзгертулер туралы тиісті уақытта хабарлайтын деректерге негізделген ескерту шешімі.
Reporting Services жаңа мүмкіндіктерінің егжей-тегжейлі тізімін және қосымша ақпаратты Жаңа мүмкіндіктер (Reporting Services) бетінен қараңыз.Қолдау көрсетілетін операциялық жүйелер
Windows 7 Service Pack 1, Windows 8, Windows 8.1, Windows Server 2008, Windows Server 2008 R2, Windows Server 2008 R2 SP1, Windows Server 2012, Windows Server 2012 R2
- Қондырма үшін қатты дискіде 37 МБ бос орын қол жетімді болуы керек.
- Тиісті жүйелік талаптарды Windows SharePoint Foundation немесе SharePoint Services құжаттамасынан қараңыз.
Компьютер келесі бағдарламалық жасақтама талаптарына сай болуы керек:- Мыналардың біреуі:
- Microsoft SharePoint 2010 немесе 2013.
- .NET бағдарламалауын қолдау бар Microsoft SharePoint Foundation.
- Қосылған режимдегі Reporting Services мүмкіндіктерін пайдалану үшін SharePoint режиміндегі Microsoft SQL Server 2014 Reporting Services қажет.
- Веб-сайттарда анонимді қатынасуды қосу мүмкін емес.
- Соңғы жаңарту бумалары бар Microsoft Internet Explorer 7.0.
- Серверлерді кез келген ретпен орнатуға және теңшеуге болады, бірақ біріктірілген әрекеттер серверлердің екеуі үшін де теңшеу қадамдары аяқталғанша қол жетімді болмайды. Орнату қадамдары туралы егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін бар Reporting Services қондырмасының Readme файлын қараңыз.
-
1-қадам: SharePoint өнімінің данасын орнатыңыз.
2: Reporting Services қондырмасын (RsSharePoint.msi) осы бетте «Жүктеу» түймешігін басу арқылы жүктеңіз. Орнатуды бірден бастау үшін «Орындау» түймешігін басыңыз. Кейінірек орнату үшін «Сақтау» түймешігін басыңыз.
3-қадам:Жергілікті режимдегі Reporting Services функцияларына рұқсат беру үшін Reporting Services қондырмасын веб-тілдесу серверлерінде орнатыңыз. Қосылған режимдегі Reporting Services функциялары үшін қалған қадамдарды аяқтаңыз.
4-қадам: SQL Server 2014 Reporting Services қондырмасын SharePoint бағдарлама серверінде орнатыңыз. SQL Server 2014 орнату шеберінде мүмкіндікті таңдау бетінде «Reporting Services - SharePoint» мүмкіндігін таңдаңыз. Сондай-ақ, Reporting Services қондырмасын осы беттен жүктеудің орнына SQL Server 2014 орнату шеберінен орнатуға болады.
5-қадам:Reporting Services SharePoint қызметін теңшеңіз және кемінде бір Reporting Services қызмет бағдарламасын жасаңыз.
6-қадам: рұқсаттарды орнатыңыз және Reporting Services мазмұн түрлерін қосыңыз.
7-қадам: орнатуды тексеріңіз.
Reporting Services қондырмасын Reporting Services жергілікті режимінің мүмкіндкітеріне немесе Power View және деректер туралы ескертулер сияқты қосылған SharePoint режимінің мүмкіндіктеріне қатынасу үшін пайдаланғыңыз келетін әрбір SharePoint веб-серверінде орнату керек.
Қондырманы орнату туралы егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін «SharePoint үшін Reporting Services қондырмасын орнату немесе жою» бетін қараңыз.
- Reporting Services қондырмасы туралы сұрақтарыңыз болса, MSDN сайтындағы SQL Server Reporting Services форумы бетіне кіріңіз.
- Connect кері байланыс орталығына қателерді жіберу арқылы Reporting Services қондырмасын жақсартуға көмектесіңіз.