This is the Trace Id: c7ecd94a0535fba0193fd5328d57d2ca
Негізгі мазмұнға өту
Кіру

Microsoft Dynamics CRM 2013 жүйесіне арналған 1-ші жаңарту бумасы (БҚ 2941390)

Microsoft корпорациясы Microsoft Dynamics CRM 2013 жүйесіне арналған 1-ші жаңарту бумасын шығарды. 1-ші жаңарту бумасы қауіпсіздік, өнімділік пен тұрақтылықты арттыратын жаңа жаңартуларды қамтиды. Сондай-ақ 1-ші жаңарту бумасы алдында шығарылған барлық жаңартудың жинағы болып табылады.

Маңызды! Төменде тілді таңдасаңыз, беттің бүкіл мазмұны сол тілге динамикалық түрде өзгереді.

  • Нұсқа:

    06.01.0000.0581

    Жарияланған күні:

    26.07.2019

    Файл атауы:

    CRM2013-Mui-KB2941390-KKZ-amd64.exe

    CRM2013-Mui-KB2941390-KKZ-i386.exe

    Файл өлшемі:

    37.2 MB

    33.5 MB

    Білім қорының мақалалары:

    KB2941390

    Microsoft корпорациясы Microsoft Dynamics CRM 2013 сервері, Microsoft Office Outlook бағдарламасына арналған Microsoft Dynamics CRM 2013 жүйесі, Microsoft Dynamics CRM 2013 тіл бумалары және Microsoft Dynamics CRM 2013 электрондық пошта жол жоспарлағышы үшін 1-ші жаңарту бумасын шығарды.

    Осы шығарылым туралы қосымша ақпарат алу үшін, Microsoft білім қорының 2941390 нөмірлі келесі мақаласын қараңыз:

    Microsoft Dynamics CRM 2013 жүйесі үшін 1-ші жаңарту бумасы қолжетімді

    Microsoft Dynamics CRM 2013 жүйесінің бағдарлама құрамдастары арасында жұптықты қамтамасыз ету үшін, осы жаңарту бумасы Microsoft Dynamics CRM серверіне, Outlook бағдарламасына арналған Microsoft Dynamics CRM жүйесіне, Microsoft Dynamics CRM тіл бумаларына және Microsoft Dynamics CRM электрондық пошта жол жоспарлағышына арналған бумаларды қамтиды.
  • Қолдау көрсетілетін операциялық жүйелер

    Windows 7, Windows 8, Windows Server 2008, Windows Server 2012

    Алғышарттар:
    • Осы жаңарту бумасын Microsoft Dynamics CRM 2013 жүйесі орнатылған компьютерге орнату қажет.
  • «Жүктеу» түймешігін басыңыз, одан кейін тізімнен жүктелуі қажет файлды таңдаңыз.

    Маңызды: тіл бумасына арналған жаңарту бумасын қолданбас бұрын, сол тіл бумасын орнату қажет. Тіл бумасын Microsoft Dynamics CRM 2013 тіл бумалары сілтемесі бойынша жүктеп, орнатыңыз.


    Осы жаңарту бумасын орнату үшін, келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
    • Орнатуды бірден бастау үшін, «Іске қосу» түймешігін басыңыз.
    • Жүктемені кейін орнату мақсатымен сақтау үшін, «Сақтау» түймешігін басыңыз.
    • Жүктеуді болдырмау үшін, «Болдырмау» түймешігін басыңыз.
  • Осы жаңарту бумасымен бірге орнатылатын құрамдастар
    Келесі құрамдастар әлі орнатылмаған болса, осы жаңарту бумасы қолданылғанда орнатылатын болады:
    • Visual C++ 2010 орындалу ортасы
    • ReportViewer 2010 басқару элементі


    Қолмен қосылатын немесе конфигурацияланатын түзетулер мен жаңартулар

    Microsoft Dynamics CRM 2013 жүйесіне арналған 1-ші жаңарту бумасы қолмен қосылатын немесе конфигурацияланатын түзетулер мен жаңартуларды қамтуы мүмкін. Microsoft Dynamics CRM 2013 жүйесі орнатылған серверде осы түзетулерді қосу немесе конфигурациялау үшін, Microsoft білім қорының келесі мақаласының «Қолмен қосылатын немесе конфигурацияланатын түзетулер мен жаңартулар» бөлімін қараңыз:

    Microsoft Dynamics CRM 2013 жүйесі үшін 1-ші жаңарту бумасы қолжетімді (БҚ 2941390)