Microsoft® SharePoint® қызметіне арналған Microsoft® SQL Server® 2012 SP2 Есеп беру қызметтері қондырмасы
Microsoft SharePoint технологияларына арналған SQL Server 2012 Service Pack 2 (SP2) Есеп беру қызметтерінің қондырмасы Есеп беру қызметтерінің мүмкіндіктерін SharePoint сайтында бірлесіп жұмыс істеу әрекеттестігімен біріктіруге мүмкіндік береді.
Маңызды! Төменде тілді таңдасаңыз, беттің бүкіл мазмұны сол тілге динамикалық түрде өзгереді.
Нұсқа:
11.0.5058.0
Жарияланған күні:
07.09.2021
Файл атауы:
rsSharePoint.msi
Файл өлшемі:
44.6 MB
Microsoft SharePoint технологияларына арналған SQL Server 2012 SP2 Есеп беру қызметтерінің қондырмасы Есеп беру қызметтерін SharePoint веб-тілдесу серверіндегі пайдаланушы интерфейсі беттерінде орналастырады.
- Есеп беру қызметтері қондырмасының SQL Server 2012 SP2 нұсқасы SharePoint 2010 және SharePoint 2013 нұсқаларын қолдайды.
- Есеп беру қызметтерінің қосылған режим мүмкіндіктерін 2012 SP2 қондырмасымен пайдалану үшін есеп беру серверінің нұсқасы да 2012 SP2 болуы тиіс.
- Қолдайтын нұсқалар бойынша қосымша ақпарат алу үшін «SharePoint және Есеп беру қызметтерінің компоненттері қолдайтын тіркесімдер» бөлімін қараңыз.
- Жергілікті және қосылған режимдері бойынша қосымша ақпарат алу үшін Access қызметтерін SQL есеп беру қызметтерімен пайдалану» бөлімін қараңыз.
Есеп беру қызметтерінің қондырмасын орнатып, серверлеріңізді біріктіруге конфигурациялағаннан кейін, Есеп беру қызметтерінің мазмұнын SharePoint кітапханасында жариялап, кейін құжаттарды SharePoint сайтынан тікелей қарап, бақылауға болады. Есеп беру қызметтерінің қондырмасы келесідей мүмкіндіктер береді:
- Power View, Microsoft SharePoint Server 2010 корпаративтік шығарылымы үшін Microsoft SQL Server 2012 SP2 Есеп беру қызметтері қондырмасының мүмкіндігі деректерді интерактивті түрде деректерді зерттеу, көрнекілендіру және көрсетілім жасау құралы болып табылады. Ол деректер талдаушылары, бизнес шешім қабылдаушылары және ақпараттық қызметкерлер секілді бизнес пайдаланушыларына апарып тастау арнайы есептерін береді. Power View есептері жаңа RDLX файлдық пішімінде болады.
- Есептерді SharePoint кітапханасындағы Есеп құрастырғышында ашып, оларды SharePoint кітапханасында сақтаңыз.
- Есепті қарап шығу құралының веб-бөлігі – есептерді көруге, бірнеше көрсету пішімдеріне экспорттауға, бетті шарлауға, іздеуге, басып шығаруға және үлкейтуге мүмкіндік береді.
- SharePoint веб-беттері – жазылымдар мен кестелерді жасауға және есептер мен деректер ресурстарын басқаруға мүмкіндік береді.
- Стандартты SharePoint Foundation 2010 және SharePoint Server 2010 мүмкіндіктерін, сонымен қоса, құжаттарды басқару, бірлесіп жұмыс істеу, қауіпсіздікті және есеп серверінің мазмұн түрлерімен бірге орналастыруды қолдау.
- Есепті қарап шығу құралын кез келген бетке немесе SharePoint сайтындағы бақылау тақтасына қосу және оның көрсетілуін реттеу мүмкіндігі.
- Есеп серверінің мазмұнына кіру мүмкіндігін басқару үшін SharePoint рұқсат деңгейлері мен рөлдерін пайдалану мүмкіндігі. Сонымен қатар Интернет байланыстары бойынша кіру әрекеттерін қолдау үшін SharePoint формаларының аутентификациясын пайдалануға болады.
- Есеп беру қызметтерінің деректер ескертулері – SharePoint Server 2010 Корпаративтік шығарылымына арналған деректермен басқарылатын шешімдер қажетті уақытта есеп деректеріндегі маңызды өзгерістер туралы хабардар етеді.
Есеп беру қызметтеріндегі жаңалықтардың толық тізімін Жаңалықтар (Есеп беру қызметтері) ішінде таба аласыз.Қолдау көрсетілетін операциялық жүйелер
Windows 7, Windows 7 Service Pack 1, Windows 8, Windows 8.1, Windows Server 2008 R2, Windows Server 2008 R2 SP1, Windows Server 2012, Windows Server 2012 R2
- Қондырманы орнату үшін қатты дискіде 37 МБ бос орын болуы қажет.
- Сәйкес жүйе талаптарын қарау үшін Windows SharePoint Foundation немесе SharePoint Services 2010 құжаттамасын қарап шығыңыз.
Компьютер келесі бағдарламалық құрал талаптарына сай болуы тиіс:- Келесілердің бірі:
- Microsoft SharePoint 2010.
- .NET бағдарламалау қолдауы бар Microsoft SharePoint Foundation 2010.
- Microsoft SharePoint Server 2013.
- Есеп беру қызметтері мүмкіндігінің қосылған режимін пайдалану үшін SharePoint режиміндегі SQL Server 2012 SP2 Есеп беру қызметтері қажет.
- Веб-сайт анонимдік кіру үшін қосылмайды.
- Соңғы жиынтықтары бар Microsoft Internet Explorer 7.0
- Серверлерді кез келген ретпен орнатуға және реттеуге болады, бірақ конфигурация қадамдары екі сервер үшін аяқталмайынша біріктірілген операциялар қолжетімді болмайды. Орнату қадамдары туралы толығырақ ақпарат алу үшін бұрыннан бар есеп беру қызметінің қондырмасына арналған Readme файлын қараңыз.
-
1-қадам: SharePoint өнімінің нұсқасын орнатыңыз.
2-қадам: Осы беттегі «Жүктеу» түймешігін басу арқылы Есеп беру қызметтерінің қондырмасын жүктеп алыңыз (RsSharePoint.msi). Орнатуды бірден бастау үшін «Іске қосу» түймешігін басыңыз. Кейінірек орнату үшін «Сақтау» түймешігін басыңыз.
3-қадам:Есеп беру қызметтері жұмыс мүмкіндіктерінің жергілікті режиміне рұқсат беру үшін Есеп беру қызметтерінің қондырмасын веб-тілдесу серверлерінде орнатыңыз. Есеп беру қызметтері жұмыс мүмкіндіктерінің қосылған режимі үшін қалған қадамдарды аяқтаңыз.
4-қадам: SQL Server 2012 SP2 Есеп беру қызметтерін SharePoint бағдарлама серверіне орнатыңыз. SQL Server 2012 SP2 орнату шеберіндегі мүмкіндіктерді таңдау бетінде «Есеп беру қызметтері – SharePoint» параметрін таңдаңыз. Есеп беру қызметтерінің қондырмасын осы сайттан жүктеп алудың орнына SQL Server 2012 орнату шеберінен орнатуға болады.
5-қадам:Есеп беру қызметтерінің SharePoint қызметін реттеңіз де, кем дегенде бір Есеп беру қызметтерінің қызметтік бағдарламасын жасаңыз.
6-қадам: Рұқсаттарды орнатып, Есеп беру қызметтерінің мазмұн түрлерін қосыңыз.
7-қадам: Орнатуды растаңыз.
Есеп беру қызметтерінің қондырмасы Есеп беру қызметтерінің жергілікті режиміндегі мүмкіндігіне немесе Power View және деректер ескертулері секілді қосылған SharePoint режимі мүмкіндігін ашу үшін пайдаланатын әр SharePoint веб-серверінде орнатылуы қажет.
Қондырманы орнату бойынша қосымша ақпарат алу үшін «SharePoint үшін Есеп беру қызметтері қондырмасын орнату немесе жою» бөлімін қараңыз.
SQL Server 2012 SP2 қызметін жүктеу бойынша ақпарат алу үшін «Microsoft® SQL Server® 2012 үшін 2 қызметтер жиынтығын жүктеп алу» бөлімін қараңыз.
- Егер Есеп беру қызметтерінің қондырмасы жайлы сұрақтарыңыз болса MSDN сайтындағы SQL Server Есеп беру қызметтерінің форумына кіріңіз.
- Қателерді Кері байланыс орталығына жіберу арқылы Есеп беру қызметтерінің қондырмасын жақсартуға көмектесіңіз.
Қолдау көрсетілетін тілдер
SharePoint сайтында есеп беру серверіндегі элементтерді, қателерді және сол беттерде шығатын ескертулерді көру және басқару үшін пайдаланылатын бағдарлама беттері қолдау көрсетілетін тілдерде қолжетімді. Есеп беру серверінен шыққан хабарлар және Есеп жасау құралында жасаған есептер тек SQL Server 2012 қолдау көрсететін тілдерде қолжетімді. SQL Server 2012 үшін Есеп жасау құралы Есеп жасау қызметтерінің қондырмасы қолдайтын тілдерге қолдау көрсетеді. Егер SQL Server 2012 және Есеп жасау құралы қолдамайтын тілдердегі тақырыптары мен белгілері бар есеп жасағыңыз келсе, оның орнына есеп жасау құралын пайдалануға болады. Мысалы, Егер SharePoint өнімінің немесе технологиясының чех тіліндегі нұсқасын пайдаланып, чех тіліндегі тақырыптар мен белгілерді қолданатын есептерді пайдаланғыңыз келсе, SharePoint сайтынан Есеп жасау құралын іске қосып, есебіңізді жасаңыз. Есеп беру қызметтерінің қондырмасын жүктеп алғаннан кейін, тілді таңдау қажет. Есепті қарап шығу құралының веб-бөлігі (ReportViewer.dwp) тек сіз таңдаған тілде қолжетімді болады. Бағдарлама беттері мен хабарлар Жүктеу бетінде қай тілді таңдағаныңызға қатыссыз, барлық қолдау көрсетілетін тілдерде қолжетімді болады.