Microsoft SharePoint® серверіне арналған Microsoft® SQL Server® 2014 SP1 Reporting Services қондырмасы
Microsoft SharePoint технологияларына арналған SQL Server 2014 SP1 Reporting Services қондырмасы Reporting Services мүмкіндіктерін бірлесіп жұмыс істеуге арналған SharePoint бағдарламасымен біріктіруге мүмкіндік береді.
Маңызды! Төменде тілді таңдасаңыз, беттің бүкіл мазмұны сол тілге динамикалық түрде өзгереді.
Нұсқа:
12.0.4100.1
Жарияланған күні:
26.07.2019
Файл атауы:
readme_rsaddin.htm
rsSharePoint.msi
Файл өлшемі:
237.0 KB
54.8 MB
Microsoft SharePoint технологияларына арнлаған SQL Server 2014 SP1 Reporting Services қондырмасы Reporting Services пайдаланушы интерфейсінің беттері мен SharePoint мәліметтерді жинау веб-серверін қолданады.
- Reporting Services қондырмасының SQL Server 2014 SP1 нұсқасы SharePoint 2010 және SharePoint 2013 бағдарламаларын қолдайды.
- Reporting Services мүмкіндіктерінің қосулы режимін 2014 SP1 қондырмасымен пайдалану үшін есеп беру қызметінің нұсқасы 2014 нұсқасы да болуы тиіс.
- Қолдау көрсетілетін нұсқалар туралы қосымша ақпарат алу үшін “SharePoint және Reporting Services компоненттерінің қолдау көрсетілетін тіркесімдері” мақаласын оқыңыз.
- Жергілікті режим мен қосулы режим туралы қосымша ақпарат алу үшін “Access Services қызметтерін SQL Reporting Services жүйесімен пайдалану”.
Reporting Services қондырмасын орнатып, серверлеріңізді бірігуге реттегеніңізден кейін, Reporting Services контентін SharePoint кітапханасында жариялап, сол құжаттарды тікелей SharePoint сайтында қарап, басқаруыңызға болады. Reporting Services қондырмасы келесі мүмкіншіліктерді қамтамасыз етеді:
- Power View, Microsoft SQL Server 2014 SP1 Reporting Services қондырмасының Microsoft SharePoint Server 2010 корпаративтік шығарылымына арналған мүмкіндік, ол интерактивті деректерді ашу, көрсету және баяндауға мүмкіндік береді. Ол деректер сарапшылары, бизнестік шешім қабылдаушылары және ақпараттық қызметкерлер секілді бизнес пайдаланушылары үшін апарып тастау арнайы есебін қамтамасыз етеді. Power View есептері жаңа пішімде, RDLX.
- Есептерді SharePoint кітапханасынан Есеп құрастырғышы арқылы ашып, оларды SharePoint кітапханаларынан ашыңыз.
- Есепті қарап шығу құралының веб-бөлігі есептерді қарап шығу, бірнеше кескін салу пішіміне экспорттау, бетті шарлау, іздеу, басып шығару және ұлғайту мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
- SharePoint веб-беттері жазылымдар мен іс кестелерін жасау және есептер мен дерекқорларын басқаруға мүмкіндік береді.
- Стандартты SharePoint Foundation және SharePoint Server мүмкіндіктерін, оған қоса құжаттарды басқару, бірлесіп жұмыс істеу, қауіпсіздік және есеп серверінің контент түрлерімен орналастыруды қолдау.
- Reporting Services есепті қарап шығу құралының веб-бөлігін SharePoint сайтындағы кез келген бетке немесе бақылау тақтасына қосып, оның шығуын реттеу мүмкіндігі.
- SharePoint рұқсат деңгейлері мен рөлдерін есеп беру серверінің контентіне кіру рұқсаттарын басқару үшін пайдалану. Солай да, SharePoint пішіндер түпнұсқалығын растауды Интернет байланысы арқылы кіруді қолдау үшін пайдалануыңызға болады.
- Reporting Services деректер ескертулері – қазіргі уақытта сізге қызықты есеп деректеріндегі өзгерістер туралы хабарландыратын SharePoint Server корпоративтік шығарылымына арналған деректермен басқарылатын шешім.
Reporting Services жүйесіндегі жаңалықтардың толығырақ тізімін көру үшін Жаңалықтар (Reporting Services) мақаласын оқыңыз.Қолдау көрсетілетін операциялық жүйелер
Windows 7, Windows 7 Service Pack 1, Windows 8, Windows 8.1, Windows Server 2008 R2, Windows Server 2008 R2 SP1, Windows Server 2012, Windows Server 2012 R2
- Қондырма үшін қатты дискіде 37 Мбайт қолжетімді бос орын қажет.
- Сәйкес жүйелік талаптарды көру үшін Windows SharePoint Foundation немесе SharePoint Services құжаттамасын қарап шығыңыз.
Компьютер келесі бағдарламалық құрал талаптарына сәйкес болуы қажет:- Келесілердің бірі:
- Microsoft SharePoint 2010 немесе 2013.
- .NET бағдарламалауының қолдауы бар Microsoft SharePoint Foundation.
- Reporting Services мүмкіндігінің қосулы режимін пайдалану үшін, SharePoint режимінде Microsoft SQL Server 2014 SP1 Reporting Services қажет.
- Анонимдік қатынас үшін веб-сайттар қосыла алмайды.
- Microsoft Internet Explorer 7.0 ең соңғы жаңарту бумалармен.
- Серверлерді кез келген тәртіпте орнатып, реттеуге болады, бірақ біріктірілген операциялар растау қадамдары екі серверде де аяқталмағанша қолжетімді болмайды. Орнату қадамдары туралы толық ақпарат алу үшін бұрыннан бар Reporting Services қондырмасының Readme файлын оқыңыз.
- 1-қадам: SharePoint өнімінің данасын орнату.
2-қадам: Reporting Services қондырмасын (RsSharePoint.msi) осы бетте Жүктеу түймешігін басу арқылы жүктеу. Орнатуды дереу бастау үшін Орындау түймешігін басыңыз. Кейінірек орнату үшін Сақтау түймешігін басыңыз.
3-қадам:Жергілікті режимді Reporting Services мүмкіндігін рұқсат ету үшін Reporting Services қондырмасын мәліметтерді жинау Веб серверлеріне орнатыңыз. Қосылған режимді Reporting Services мүмкіндігі үшін, қалған қадамдарды орындаңыз.
4-қадам: SQL Server 2014 SP1 Reporting Services қызметтерін SharePoint бағдарламалық серверіне орнатыңыз. SQL Server 2014 SP1 орнату шеберіндегі мүмкіндіктерді таңдау бетінде «Reporting Services – SharePoint» таңдаңыз. Солай да, Reporting Services қондырмасын осы беттен жүктеудің орнына SQL Server 2014 SP1 орнату шеберінен орнатуға болады.
5-қадам:Reporting Services SharePoint қызметін реттеп, кем дегенде бір Reporting Services қызметтік бағдарламасын жасаңыз.
6-қадам: Рұқсаттарды орнатып, Reporting Services контент түрлерін қосыңыз.
7-қадам: Орнатуды растаңыз.
Reporting Services қондырмасы Reporting Services жергілікті режимінің мүмкіндіктерін немесе Power View және деректер ескертулері секілді қосулы SharePoint режимі мүмкіндіктерін пайдалану үшін пайдаланатын әр SharePoint веб-серверіне орнатылуы тиіс.
Қондырманы орнату бойынша толығырақ ақпарат алу үшін «SarePoint үшін Reporting Services қондырмасын орнату және жою» мақаласын оқыңыз.
- Reporting Services қондырмасы туралы сұрақтарыңыз болса, MSDN желісіндегі SQL Server Reporting Services форумына кіріңіз.
- Reporting Services қондырмасын қателерді Байланыс пікір орталығына жіберу арқылы жақсартуға көмектесіңіз.