This is the Trace Id: 30cadc1a8a6a6eeae2b81f378570a51c
Негізгі мазмұнға өту
Кіру

SharePoint Foundation 2010 нұсқасына арналған тіл бумалары

Тіл бумалары SharePoint Foundation 2010 нұсқасын бөлек орнатуды қажет етпей, тораптар мен торап жиындарын бірнеше тілде жасауға мүмкіндік береді

Маңызды! Төменде тілді таңдасаңыз, беттің бүкіл мазмұны сол тілге динамикалық түрде өзгереді.

Жүктеп алу
  • Нұсқа:

    SP2

    Жарияланған күні:

    20.12.2019

    Файл атауы:

    SharePointLanguagePack_SP2_kk-kz.exe

    Файл өлшемі:

    129.0 MB

    Тіл бумалары SharePoint Foundation 2010 нұсқасын бөлек орнатуды қажет етпей, SharePoint тораптары мен торап жиындарын бірнеше тілде жасауға мүмкіндік береді. Бірнеше тіл бумаларын бір серверге орнатуға болады. Тіл бумасын қолдану орнатылған Microsoft сервері өнімінің тілін немесе басқару мүмкіндіктерінің тілін өзгертпейді.

    Ескерімдер
    • Орнатылған тілге арналған тіл бумасын қотарудың қажеті жоқ, бұл тіл бумалары қосымша тілдердің жасалуын қолдауға тиісті.
  • Қолдау көрсетілетін операциялық жүйелер

    Windows Server 2008 R2, Windows Server 2008 Service Pack 2, Windows Server 2012


    • Бұл қотару төмендегі бағдарламалармен жұмыс істейді:

      • SharePoint Foundation 2010


  • Бұл қотаруды орнату үшін:

    Тіл бумасын орнатыңыз:
    1. Қотару түймешігін (жоғарыдағы) басып, файлды қатты дискіге сақтау арқылы файлды қотарыңыз.
    2. Орнату бағдарламасын іске қосыңыз.
    3. «Microsoft бағдарламасының лицензиялық шарттарын оқу» бетінен шарттарды қарап, Мен бұл келісімнің шарттарын қабылдаймын көзіне құсбелгі қойыңыз, одан кейін Жалғастыру параметрін таңдаңыз.
    4. Орнату шебері іске қосылып, тіл бумасын орнатады.
    5. Әдепкі параметрлерді пайдаланып SharePoint өнімдері мен технологияларын теңшеу шеберін қайта іске қосыңыз.
    Ескерім: Егер сіз тіл бумасын орнатқаннан кейін SharePoint өнімдері мен технологияларын теңшеу шеберін қайта іске қоспасаңыз, тіл бумасы дұрыс орнатылмайды.

    SharePoint өнімдері мен технологияларын теңшеу шеберін қайта іске қосыңыз:
    1. Бастау түймешігін басып, Барлық бағдарламалар параметрін, Microsoft SharePoint 2010 өнімдері параметрін меңзермен көрсетіңіз, одан кейін SharePoint өнімдері мен технологияларын теңшеу шебері параметрін таңдаңыз.
    2. «SharePoint өнімдері мен технологияларына қош келдіңіз» бетінен Келесі параметрін таңдаңыз.
    3. Кейбір қызметтердің теңшелім кезінде қайта басталу керектігін ескертетін тілқатысу терезесінен Иә параметрін таңдаңыз.
    4. «Сервер фермасының параметрлерін өзгерту» бетінен Бұл сервер фермасынан ажыратпаңыз, одан кейін Келесі параметрін таңдаңыз.
    5. Егер «SharePoint орталық әкімшілік параметрлерін өзгерту веб-әкімшілік параметрлер» беті пайда болса, әдепкі параметрлердің ешқайсысын өзгертпей, Келесі параметрін таңдаңыз.
    6. «SharePoint өнімдері мен технологияларын теңшеу шеберін аяқтау» бетінен Келесі параметрін таңдаңыз.
    7. «Сәтті теңшелім» бетінен Дайын параметрін таңдаңыз.
    Пайдалану нұсқаулары:

    Пайдалану туралы ақпарат алу үшін Тіл бумаларын қолдану (SharePoint Foundation 2010) торабына кіріңіз.

    Бұл қотаруды жою үшін:
    1. Бастау мәзірінен Параметрлер тармағын көрсетіп, Басқару тақтасы параметрін таңдаңыз.
    2. Бағдарламалар қосу/жою түймешігін екі рет басыңыз.
    3. Қазір орнатылған бағдарламалардың тізімінен SharePoint Foundation 2010 тіл бумасы – [тіл] тармағын таңдап, одан кейін Жою немесе Қосу/Жою параметрін таңдаңыз. Егер қандай да бір тілқатысу терезесі шықса, бағдарламаны жою үшін нұсқауларды орындаңыз.
    4. Бағдарламаны жойғыңыз келетінін растау үшін Иә немесе OK параметрін таңдаңыз.