SharePoint Server 2016 қызметіне арналған тіл жиынтықтары
Тіл жиынтықтары SharePoint Server 2016 нұсқасын бөлек орнатуды қажет етпей, сайттар мен сайт жиындарын бірнеше тілде жасауға мүмкіндік береді.
Маңызды! Төменде тілді таңдасаңыз, беттің бүкіл мазмұны сол тілге динамикалық түрде өзгереді.
Нұсқа:
16.0.4351.1000
Жарияланған күні:
17.07.2019
Файл атауы:
serverlanguagepack.exe
Файл өлшемі:
60.1 MB
Тіл жиынтықтары SharePoint Server 2016 қызметін бөлек орнатуды қажет етпей, сайттар мен сайттар жиынтығын бірнеше тілде жасауға мүмкіндік береді. Бірнеше тіл жиынтығын бір серверде орнатуға болады. Тіл жиынтығын қолдану орнатылған Microsoft сервері өнімінің тілін немесе басқару мүмкіндіктерінің тілін өзгертпейді.
Ескерту: Орнатылған тілге арналған тіл жиынтығын жүктеудің қажеті жоқ. Бұл тіл жиынтықтары қосымша тілдердің жасалуын қолдауы тиіс.Қолдау көрсетілетін операциялық жүйелер
Windows Server 2012 R2, Windows Server 2016, Windows Server 2019
Бұл жүктеп алулар төмендегі бағдарламалармен жұмыс істейді:
• Microsoft SharePoint Server 2016- Жүктеп алуды бастау үшін:
1. Қалаған орнату тілін «Тілді таңдау» тармағынан таңдаңыз.
2. «Жүктеп алу» түймешігін басыңыз.
3. Компьютеріңізге тіл жиынтығын орнату бағдарламасын көшіру үшін, «Сақтау» түймешігін басыңыз.
SharePoint Server 2016 қызметіне арналған тілді орнату үшін:
1. Тіл жиынтығын орнату бағдарламасын іске қосыңыз.
2. «Microsoft бағдарламалық жасақтамасы лицензиясының шарттарын оқу» бетінде,шарттарды қарап шығыңыз, «Мен келісім шарттарын қабылдаймын» ұяшығына құсбелгі қойып, «Жалғастыру» түймешігін басыңыз.
3. Орнату шебері іске қосылып, тіл жиынтығы орнатылады.
4. SharePoint 2016 өнімдер конфигурациясының шеберін әдепкі параметрлер арқылыіске қосыңыз.
Ескерту: Егер SharePoint 2016 өнімдер конфигурациясының шеберін тіл жиынтығын орнатқаннан кейін іске қоспасаңыз,тіл жиынтығы дұрыс орнатылмайды.
SharePoint 2016 өнімдер конфигурациясының шеберін іске қосу үшін:
1. «Бастау» түймешігін басыңыз,«Барлық бағдарламалар» тармағын көрсетіңіз,«Microsoft SharePoint 2016 өнімдері»тармағын көрсетіңіз,содан кейін «SharePoint 2016 өнімдер конфигурациясының шебері» түймешігін басыңыз.
2. «SharePoint өнімдері бетіне қош келдіңіз» бетінде,«Келесі» түймешігінбасыңыз.
3. Конфигурация кезіндекейбір қызметтерді қайта іске қосу қажет болуы мүмкін екенін ескертетіндиалогтық терезеде «Иә» түймешігін басыңыз.
4. Егер«Сервер фермасының параметрлерін өзгерту»беті пайда болса, «Осы сервер фермасынан ажыратпау» түймешігін басыңыз,содан кейін «Келесі» түймешігін басыңыз.
5. Егер«SharePoint орталық басқару веб бағдарламасының параметрлерін өзгерту» беті пайда болса, әдепкі параметрлердің ешқайсысын өзгертпеңіз, содан кейін «Келесі» түймешігін басыңыз.
6. Егер«SharePoint 2016 өнімдер конфигурациясының шеберін аяқтау»беті пайда болса, «Келесі» түймешігін басыңыз.
7. «Конфигурация сәтті аяқталды» бетінде,«Аяқтау» түймешігін басыңыз.
Пайдалану нұсқаулары:
Толық орнату нұсқауларын алу үшін, «SharePoint Server 2016 қызметіне арналған тіл жиынтықтарын орнату немесе жою»бөлімін қараңыз.
SharePoint Server 2016 қызметіне арналған тілді жою үшін:
1. «Бастау»мәзірінде,«Басқару тақтасы» тармағынбасыңыз.
2. «Бағдарламаны жою» түймешігін басыңыз.
3. Ағымда орнатылған бағдарламалар тізімінде «SharePoint және Project Server 2016 қызметіне арналған тіл жиынтығы – [Тіл]» тармағын таңдаңыз содан кейін «Жою» түймешігін басыңыз.
4. Бағдарламаны жойғыңыз келетінін растау үшін, «Иә» түймешігін басыңыз.
5. Ол осы тіл жиынтығына тәуелді функциялардың ішінара жоғалуына әкелуі ықтимал екенін ескертетін диалогтық терезеде OK түймешігінбасыңыз.
6. Тіл жиынтығы сәтті жойылғаннан кейін, «Жабу» түймешігін басыңыз.