This is the Trace Id: a60dea0e01063a5f014bc73337b36237
Негізгі мазмұнға өту
Кіру

Microsoft SharePoint Server 2010 және Microsoft SharePoint Server 2013 бағдарламаларына арналған Microsoft Dynamics CRM 2011 тізім құрамдасы (бірнеше шолғыштарға арналған)

SharePoint қызметіне арналған Microsoft Dynamics CRM 2011 тізім компоненті

Маңызды! Төменде тілді таңдасаңыз, беттің бүкіл мазмұны сол тілге динамикалық түрде өзгереді.

  • Нұсқа:

    5.0.9690.4398

    Жарияланған күні:

    26.07.2019

    Файл атауы:

    CRM2011-SharePointList2010-KKZ-amd64.exe

    CRM2011-SharePointList2013-KKZ-amd64.exe

    Файл өлшемі:

    1.2 MB

    1.2 MB

    SharePoint қызметіне арналған Microsoft Dynamics CRM 2011 тізім компоненттері SharePoint қызметінде сақталған Microsoft Dynamics CRM құжаттарды Microsoft Dynamics CRM қаралған және толтырылған пішінде қол жетімді етеді. Бұл компонент Microsoft Dynamics CRM жүйесінің SharePoint қызметінде Microsoft Dynamics CRM жазбаларына қатысты құжаттарды сақтайтын қалталарды автоматты түрде жасау мүмкіндігін қосады.
  • Қолдау көрсетілетін операциялық жүйелер

    Windows 7, Windows Server 2008 R2, Windows Vista, Windows XP

    • Басқа талаптар:

      • Microsoft Dynamics CRM 2011

      • Microsoft SharePoint қызметіне арналған Microsoft Dynamics CRM 2011 тізім компонентінің екі нұсқасы бар:
        • Microsoft SharePoint Server 2013 бағдарламасына арналған Microsoft Dynamics CRM 2011 тізім құрамдасы. Бұл нұсқа Microsoft SharePoint Server 2013, Microsoft SharePoint Foundation 2013 және ең соңғы қызмет жаңартуы орнатылған SharePoint Online бағдарламаларымен жұмыс істейді. Ол SharePoint 2010 бағдарламасымен жұмыс істемейді.
        • Microsoft SharePoint Server 2010 бағдарламасына арналған Microsoft Dynamics CRM 2011 тізім құрамдасы. Бұл нұсқа Microsoft SharePoint Server 2010, Microsoft SharePoint Foundation 2010 және ең соңғы қызмет жаңартуы орнатылмаған SharePoint Online бағдарламаларымен жұмыс істейді. Ол SharePoint 2013 бағдарламасымен жұмыс істемейді.
    1. Жүктеуді бастау үшін орнату керек тізім компонентінің Жүктеу түймешігін басыңыз.

    2. Файлды компьютерге сақтау үшін Сақтау түймешігін басып, сақтау керек орынды көрсетіңіз, кейін Сақтау түймешігін тағы бір рет басыңыз.


    Маңызды
    • Microsoft SharePoint Server бағдарламасына Microsoft Dynamics CRM тізім құрамдасын орнату үшін SharePoint тораптар жинағының әкімшісі болуыңыз керек.
    • (Тек жергілікті SharePoint бағдарламасына арналған) Microsoft Dynamics CRM тізім құрамдасы тораптар жинағының деңгейіндегі шешім болып табылады. Microsoft Dynamics CRM тізім компонентін ферма деңгейінде қосу керек болса, келесілерді орындайтын сценарий жазу керек:
      • Барлық SharePoint тораптар жинағын SharePoint серверінен шығарады.
      • Әрбір осы тораптар жинағына тізім компоненттерін орнатады және белсендіреді.
    Microsoft Dynamics CRM тізім компонентін орнату үшін
    1. CRM2011-SharePointList-ENU-amd64.exe немесе CRM2011-SharePointList2013-ENU-amd64.exe бағдарламасын жүктеген қалтаға өтіп, оны екі рет басыңыз.
    2. Файлды ашу - қауіпсіздік ескертуі диалогтық терезесінде Іске қосу түймешігін басыңыз.
    3. Лицензиялық келісімді қабылдау үшін Иә параметрін басыңыз.
    4. Бөліп алынған файлдарды cақтау үшін қалта таңдап, OK түймешігін басыңыз.

    5. Егер CRM2011-SharePointList-ENU-amd64.exe жүктеген болсаңыз, келесі файлдар шығады:
      • AllowHtcExtn.ps1
      • crmlistcomponent.wsp

      Егер CRM2011-SharePointList2013-ENU-amd64.exe жүктеген болсаңыз, crmlistcomponent.wsp файлы шығады.
    6. Шолғышты ашыңыз.
    7. Мекенжай енгізу жолында Microsoft Dynamics CRM тізім компонентін орнату керек торап жинағының URL мекенжайын теріп. "Enter" түймешігін басыңыз.
    8. SharePoint 2010 пайдаланатын болсаңыз, Торап әрекеттері бөлімін басып, Торап параметрлер түймешігін басыңыз.

    9. -НЕМЕСЕ-
      SharePoint 2013 пайдаланатын болсаңыз, жоғарғы оң жақ бұрыштағы Параметрлер белгішесін басып, кейін Торап параметрлері бөлімін басыңыз.
    10. SharePoint 2010 пайдаланатын болсаңыз, Галлереялар бөлімінен Шешімдер бөлімін басыңыз.

    11. -НЕМЕСЕ-
      SharePoint 2013 пайдаланатын болсаңыз, Веб құрастырушысының галлереялары бөлімінен Шешімдер бөлімін басыңыз.
    12. Шешімдер қойыншасының Жаңа тобында Шешімді кері жүктеу түймешігін басыңыз.
    13. Шолу түймешігін басып, crmlistcomponent.wsp файлын орналастырып, OK түймешігін басыңыз.
    14. Шешімдер қойыншасының Пәрмендер тобында Белсендіру түймешігін басыңыз.



    Нұсқауларды жою
    1. Microsoft Dynamics CRM тізім құрамдасы орнатылған тораптар жинағының URL мекенжайын ашыңыз.
    2. SharePoint 2010 пайдаланатын болсаңыз, Торап әрекеттері бөлімін басып, Торап параметрлер түймешігін басыңыз.

    3. -НЕМЕСЕ-
      SharePoint 2013 пайдаланатын болсаңыз, жоғарғы оң жақ бұрыштағы Параметрлер белгішесін басып, кейін Торап параметрлері бөлімін басыңыз.
    4. SharePoint 2010 пайдаланатын болсаңыз, Галлереялар бөлімінен Шешімдер бөлімін басыңыз.

    5. -НЕМЕСЕ-
      SharePoint 2013 пайдаланатын болсаңыз, Веб құрастырушысының галлереялары бөлімінен Шешімдер бөлімін басыңыз.
    6. crmlistcomponent.wsp файлы үшін опция таңдап, Шешімдер қойыншасының Пәрмендер тобынан Ажырату түймешігін басыңыз.
    7. Шешімдерді ажырату диалогтық терезесінің Пәрмендер тобында Ажырату түймешігін қайта басыңыз.
    8. Шешімдер қойыншасының Пәрмендер тобында Жою түймешігін басыңыз.
    9. OK түймешігін басыңыз.