Dynamics 365 (жергілікті) үшін 2016 жылғы желтоқсан айындағы жаңарту бумасы
Microsoft Dynamics 365 (жергілікті) жүйесіне арналған 2016 жылғы желтоқсан айындағы жаңарту бумасын шығарды. Бұл Microsoft Dynamics 365 жүйесінің жаңартулардың тексерілген, тұтас жиынтығы. Оған оңай орналастыруға арналған бірге буылған өнімділікті жақсарту құралдары кіреді.
Маңызды! Төменде тілді таңдасаңыз, беттің бүкіл мазмұны сол тілге динамикалық түрде өзгереді.
Нұсқа:
08.02.0000.0749
Жарияланған күні:
17.07.2019
Файл атауы:
CRM2016-Client-KB3205084-KKZ-Amd64.exe
CRM2016-Mui-KB3205084-KKZ-Amd64.exe
CRM2016-Client-KB3205084-KKZ-I386.exe
CRM2016-Mui-KB3205084-KKZ-I386.exe
Файл өлшемі:
82.0 MB
56.8 MB
70.2 MB
54.3 MB
Білім қорының мақалалары:
Microsoft корпорациясы Microsoft Dynamics 365 2016 жылғы желтоқсан айындағы серверінің жаңарту бумасын, Microsoft Dynamics 365 2016 жылғы желтоқсан айындағы есеп жасау кеңейтімінің жаңарту бумасын, Outlook үшін Microsoft Dynamics 365 2016 жылғы желтоқсан айындағы жаңарту бумасын және Microsoft Dynamics 365 2016 жылғы желтоқсан айындағы тіл бумасын шығарды.
Осы шығарылым туралы қосымша ақпарат алу үшін, Microsoft білім қорының 3205084 мақаласын қараңыз:
Microsoft Dynamics 365 (жергілікті) 2016 жылғы желтоқсан айындағы жаңарту бумасы қолжетімді
Microsoft Dynamics 365 бағдарлама компоненттері арасында теңдікті сақтау үшін, осы жаңарту Microsoft Dynamics 365 сервері, Microsoft Dynamics 365 есептерді жасау модулі, Outlook бағдарламасына арналған Microsoft Dynamics 365 және Microsoft Dynamics 365 тіл бумаларын қамтиды.Қолдау көрсетілетін операциялық жүйелер
Windows 10, Windows 7, Windows 7 Service Pack 1, Windows 8, Windows 8.1, Windows Server 2012, Windows Server 2012 R2
Қажетті жағдайлар:
- Бұл жаңарту Microsoft Dynamics 365 бағдарламасын іске қосатын компьютерге орнатылуы қажет.
- "Жүктеп алу" түймешігін басып, тізімнен жүктеп алынуы керек файлды таңдаңыз.
Маңызды: Тіл бумасына арналған жаңартуды қолданбас бұрын, тіл бумасын орнату қажет. Тіл бумасын Microsoft Dynamics 365 тіл бумалары бөлімінен жүктеп алып, орнатыңыз.
Осы жаңартуды орнату үшін, келесінің бірін орындаңыз:
- Орнатуды бірден бастау үшін, Іске қосу түймешігін басыңыз.
- Кейінірек орнату мақсатында компьютерге жүктеп алынған элементті сақтау үшін, Сақтау түймешігін басыңыз.
- Жүктеп алудан бас тарту үшін, Бас тарту түймешігін басыңыз.
- Қолмен қосылатын немесе конфигурацияланатын түзетулер мен жаңартулар
Бұл Microsoft Dynamics 365 жаңартуы қолмен қосылатын немесе конфигурацияланатын түзетулер мен жаңартуларды қамтуы мүмкін. Microsoft Dynamics 365 бағдарламасын іске қосатын серверде осы түзетулерді қосу немесе конфигурациялау үшін, келесі Microsoft білім қоры мақаласының "Қолмен қосылатын немесе конфигурацияланатын түзетулер немесе жаңартулар" бөлімін қараңыз:
Microsoft Dynamics 365 (жергілікті) 2016 жылғы желтоқсан айындағы жаңарту бумасы қолжетімді (Білім қоры 3205084)